$ 449.3  489.69  4.89

«Мақсатымызға жете алмадық»: Олимпиадада жеңіліп қалған боксшы жазба жариялады

Айта кетелік, Токио Олимпиадасының алғашқы айналымында Бекзат Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевқа жол берді.

Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов Токио олимпиадасындағы жеңілісінен соң жанкүйерлерге жазба арнады. Бұл туралы Мalim.kz сайты хабарлайды.

«Алға қойған мақсатымызға жете алмадық. Бәрі біз ойлағандай бола бермейді.Бокстағы 13 жылдың ішінде қаншама еңбек, тер, жарақаттар мен қан кетті, осының бәрі сол бала кездегі Бекзаттың арманынан басталған болатын. Қандай жағдай болмасада қасымда табылатын Отбасыма, бауырларыма, жақындарыма және шын жанашыр жандарға алғыс айтамын! Нелер келіп, не кетпес ер жігіттің басына», - деп жазды Бекзат Нұрдәулетов. 

Айта кетелік, Токио Олимпиадасының алғашқы айналымында Бекзат Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевқа жол берді. Тура осы олимпиада алдында Санкт-Петербургте өткен халықаралық турнир финалында Бекзат ресейлік боксшыдан басым болған еді. Сондай-ақ, жанкүйерлер, спорт сарапшылары Бекзатты олимпиада алтынына басты фаворит деген-ді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары