$ 494.87  520.65  4.91

Ольга Рыпакова алғаш рет Олимпиада жүлдесін ала алмады

Ол 13,69 метрге секірді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қазақстандық жеңілатлеттер Токио Олимпиадасында үш қарғып секіруден жарыс жолына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін үш қарғып секіруден іріктеу кезеңі болды. Оған Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова, сондай-ақ, Мария Овчинникова мен Ирина Эктова қатысты. 

Үш Олимпиададан жүлде алған 36 жастағы Рыпакова бұл жолы финалға шыға алмады. Ол 13,69 метрге секірді. 

Овчинникова 13.34 метрге секіріп, финалдан қағылды. Эктова болса, 12,90 метр көрсеткішімен өз тобында 14-орын алды. Финалға үздік 12 спортшы өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары