Қазақстандық жеңілатлеттер Токио Олимпиадасында үш қарғып секіруден жарыс жолына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүгін үш қарғып секіруден іріктеу кезеңі болды. Оған Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова, сондай-ақ, Мария Овчинникова мен Ирина Эктова қатысты.
Үш Олимпиададан жүлде алған 36 жастағы Рыпакова бұл жолы финалға шыға алмады. Ол 13,69 метрге секірді.
Овчинникова 13.34 метрге секіріп, финалдан қағылды. Эктова болса, 12,90 метр көрсеткішімен өз тобында 14-орын алды. Финалға үздік 12 спортшы өтті.