Алматыда ер адам көліктерді балғамен қиратып, көпқабатты үйдің терезесін сындырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жергілікті тұрғындар полицияға жүгініп, 37 жастағы ер адам түнде Рысқұлов көшесі маңында бес көлікті қиратқанын айтқан. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ер адам ұсталды.
Полиция деректі Алматы қаласы Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеп жатқанын және ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін мәлім етті.
"Жәбірленушінің алған жарақаттары және келтірілген шығын дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", - деді полицейлер.