Қазақстанда нан, макарон өнімдері мен ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру көлемі осы жылдың бірінші жартыжылдығында 111 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8% аз. Бұл туралы статистиканы energyprom.kz жариялады.
Сонымен қатар нан бағасы бір жыл ішінде бірден 5,9% өсті. Қара бидайдан жасалған нан бағасы 9,2% қымбаттады. Макарон өнімдерінің бағасы 10,3%-ке көтерілді, оның ішінде кеспе өнімдерінің бағасы 11,6% өсті. Нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер 8,2% қымбаттаған.