Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасында жүлдеден қағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елена Рыбакина қола медаль үшін матчте украиналық Элина Свитолинаға қарсы ойнады. Есеп - 6:1, 6:7, 4:6.
Еске салайық, бұған дейін 29 шілдеде Рыбакина жартылай финалда швейцариялық Белинда Бенчичпен кездескен болатын. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 5:2 есебімен жеңіп жатып, 6:7 есебімен жеңілді. Ал екінші сетте Рыбакина қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсті. Бірақ қазақстандық теннисші үшінші сетте қарсыласына 3:6 есебімен жол берді. Матч 2 сағат, 46 минутқа созылды.
Бүгінде Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.