Атырауда жалған вакцина паспортын жасап, сатып келген медбике тұтқындалды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтың айтуынша, қалалық емхананың бірінде заңсыз жолмен вакцина паспортын жасаған медбикенің ісі әшкереленген.
"Қазір өңірде жалған вакцина паспортын жасауға жол бермеу үшін барлық екпе бекетінде бейнебақылау камералары орнатылды. Медицина қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізді. Соған қарамастан, облыс әкімдігі және ішкі істер департаментімен бірлесіп жүргізілген рейдтік іс-шара кезінде медбикенің жалған вакцина паспортын жасағаны анықталды. Бұл – жемқорлық қана емес, халықтың денсаулығына қауіп төндірген әрекет" - дейді Қайсар Абдалиев. Қазір кіші буын медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.