Нұр-Сұлтанда міндетті вакциналауға қарсылық білдірген тұрғындар митингке шыққан. Әлеуметтік желіде қоршауға алынған әкімдік ғимаратының суреті тарап кетті деп хабарлайды Paryz.kz, sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Қоршалған әкімдік түсірілген сурет Telegram-да жарияланды.
Әкімдік ғимаратынан бөлек Кенесары хан ескерткішінің маңы да қоршалған.
Сондай-ақ әлеуметтік желіде әкімдік алдындағы алаңға келген бірен-саран адамды полиция ұстап жатыр деген ақпарат тарады.
Әзірге елордалық әкімдік пен Полиция департаментінің өкілдері осы жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.