Атырау облысындағы каналда балық судағы зиянды қоспалардың салдарынан қырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды ЭК.
Осыған дейін Атырау облысы Исатай ауданындағы каналдардың бірінде қырылған 200 келіге жуық балықтың жиналғанын хабарланған болатын.
— Су сынамаларын талдау нәтижесінде аммоний азотының, хлоридтердің, темірдің, қалқыма заттардың және құрғақ қалдықтың шекті рұқсат етілген концентрациясынан (ШЖК) асып кеткені анықталды. Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бастамасымен "АтырауСушар" РМК-ға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастыруда -деп хабарлады Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі.
Каналда алабұға, табан, шортан және мөңке балықтары қырылған. Олардың өлексесі жерге көмілді.