Жаздың үшінші, соңғы айында елде бірқатар өзгерістер күшіне енеді. Ірі қалаларда демалыс күндері локдаун енгізілсе, дәрігерлердің "ковидтік" үстемеақысы екі есе қысқарады. Ал қызмет көрсету саласының жұмысшылары 10 тамызға дейін вакцина алып үлгеруі қажет.
2 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында карантин қатаңдатылады.
Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады. Бұл талап орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына қатысты емес.
Сонымен қатар бұқаралық, спорттық және отбасылық шараларға тыйым салынады.
Мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-і қашықтан жұмыс істейді. Вакцина алғандар мен соңғы үш айда коронавируспен ауырғандар жұмысқа баруына болады.
2 тамыздан Ashyq-сыз жұмыс істейтіндер:
Қоғамдық тамақтану орындары тек жеткізу және алып кету форматында істейді.
Қазақстанда коронавирус матрицасы бойынша тағы бір "қою қызыл" аймақ пайда болды.
"Қою қызыл" аймаққа инфекциялық төсектердің 70%-і толы, ал төсек-орындардың толу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 200-ден асатын өңірлер кіреді.
2 тамыздан бастап осы аймаққа кіретін өңірлерде демалыс күндері Ashyq-қа қатысатындарды қоса алғанда, меншік нысанына қарамастан, барлық кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады.
Тек әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдары жабылмайды.
Сондай-ақ банкет залдарының жұмысына, облысаралық және қалалық тұрақты емес тасымалға (туристік), ашық ауадағы марафондарға, көрермендер шақырылған спорттық шараларға, букмекер кеңселердің қызметіне тыйым салынады.
Тамыздан бастап кейбір мекемелерге 12 жастан асқан балалар Ashyq арқылы кіргізіледі.
Олар компьютер клубтары, цирктер, кинотеатрлар, балалар сауықтыру орталықтары, облысаралық және қалааралық туристік тасымал.
Бірақ қосымшада тіркелу балалар үшін ерікті болады.
Бірінші тамыздан бастап коронавируспен күреске тартылған дәрігерлердің үстемеақысы екі есеге қысқарады. Ал қазан айынан бастап мүлде төленбейді.
Бұған дейін "ковидтік" үстемеақының мөлшері 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін баратын.
Ал енді 1 тамыздан 1 қазанға дейін:
1 қазаннан бастап үстемеақы тоқтатылғанмен, дәрігерлерді ынталандыру жаңа ереже бойынша жүргізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия басталғалы бері төленіп келген үстемеақы уақытша норма екенін атап өтті. Мемлекет басшысы вакциналау көрсеткіші артқан сайын дәрігерлерге берілетін үстемеақыны біртіндеп қолдау және ынталандырудың басқа шараларымен алмастыру қажет деп санайды. Себебі екпе салдырған адамдар көбейсе, коронавирустың қаупі төмендейді.
Қазақстанда қызмет көрсету саласының жұмысшыларына вакцина алуға уақыт берілді. Олар 10 тамызға дейін бірінші компонентті, ал 1 қыркүйекке дейін екінші компонентті салғызуы қажет.
Осы мерзім өткеннен кейін компанияларды тексеру басталады. Вакцина салдырмаған қызметкерге жұмыс істеуге рұқсат берген жұмыс берушіге айыппұл салынады.
Кәсіпкер 14 мыңнан 1,4 миллион теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін. Тіпті кәсіпорын қызметінің уақытша тоқтатылуы да ғажап емес.
Міндетті вакциналау талабы медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы үш айда коронавируспен ауырып шыққан адамдарға қатысты емес.