$ 494.87  520.65  4.91

Токио Олимпиадасы: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шықты

Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ауыр салмақта ресейлік Иван Верясовқа қарсы жекпе-жекке шығып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының ширек финалында қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ауыр салмақта ресейлік Иван Верясовқа қарсы жекпе-жекке шығып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

28 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев Қызылорда облысында туған. 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. 2017, 2019 және 2021 жылдары Азияның вице-чемпионы атанған. Биылғы Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Қоңқабаев ту ұстап шыққан.   

Айта кетейік, бұған дейін Әбілхан Аманқұл 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша ширек финалда бразилиялық Эберт Соузамен жекпе-жекке шығып, 3:2 есебімен жеңіліп қалғаны хабарланған болатын. Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Серік Теміржанов, Бекзад Нұрдәулетов пен Надежда Рябец 1/8 финалда жеңілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары