$ 498.34  519.72  4.85

3 тамызға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысы, Маңғыстау облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазгидромет 3 тамызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстанның батыс және оңтүстік батыс бөліктерінде антициклон жотасының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік бөлігінің таулы аудандарында кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады, оңтүстікте бұршақпен бірге күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауылмен бірге күтіледі.

Күндіз Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы аудандарында найзағай күтіледі, Жамбыл облысында бұршақ жауады, кей жерлерде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен бірге күшейеді. Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с, шаңды дауылмен бірге күшейеді. Алматы облысында таңертең және күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Күндіз Алматы, Түркістан облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Жамбыл, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады. Атырау облысы, Маңғыстау облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы