Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Тұрсынов 1/8 финалда германиялық Денис Кудламен кездесіп, қарсыласына 4:1 есебімен жол берді.
Осылайша, Токио Олимпиадасына барған төртінші балуанымыз да алғашқы қарсыласынан жеңіліп отыр. Бұған дейін Мейрамбек Айнағұлов, Эльмира Сыздықова мен Демеу Жадыраев бірінші айналымнан аса алмаған еді.
Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.