Алматы көшелерінде жүріп, жүргізуші монитор арқылы көлігінің артқы әйнегінен эротикалық сипаттағы видеоны көрсеткен, деп хабарлайды ЭК.
Бұл туралы Алматы қаласының Полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов әлеуметтік желіге жазды. Оның айтуынша, полиция оқиғаны куәгерлердің Instagram-ға жүктеген бейнематериалдарынан білген.
Алматы қаласының Полиция департаменті тексеріс жүргізді. Жүргізушінің кім екенін анықталып, сағат төртке қарай ұсталды, -дейді Рустам Әбдірахманов.