Жаңалықтар 03.08.2021 сағат 12:00

Цой: Қазақстан коронавирус бойынша оптимистік сценариймен келе жатыр

Оның пікірінше, алдағы уақытта "карантин шараларын сақтап, вакциналауды жылдамдату арқылы" ғана жағдайды тұрақты сақтап тұруға болады.
Цой: Қазақстан коронавирус бойынша оптимистік сценариймен келе жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан коронавирустың тарауы бойынша оптимистік сценариймен келе жатыр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыз үкімет отырысы кезінде осылай деп мәлімдеді. 

"Тамыз-қыркүйек айларына жасалған эпидемиологиялық болжамға сүйенсек, Қазақстан оптимистік сценариймен келе жатыр. Мұнда болжам бойынша тамыз-қыркүйек айларында шамамен 250 мың науқас тіркеледі. Күніне орташа есеппен 7 мың адам" деді Алексей Цой. 

Оның пікірінше, алдағы уақытта "карантин шараларын сақтап, вакциналауды жылдамдату арқылы" ғана жағдайды тұрақты сақтап тұруға болады. 

Қазір Қазақстанда Түркістаннан басқа қалалар мен облыстардың барлығы "қызыл аймақта" тұр. Вирус өршіді делінген "қанық қызыл" аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды және Атырау облыстары тұр. Министрдің айтуынша, Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған. 

Цойдың айтуынша, қазір Қазақстанда инфекциялық ауруханалардағы орындардың - 56 пайызы, реанимация төсектерінің 44 пайызы бос емес. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Атырау, Ақмола, Маңғыстау облыстарында стационарлар тез толып барады. 

Ресми мәлімет бойынша, елде коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасы 3,9 млн адамға салынған. 1,6 млн адам бір дозасын ғана алған. Министр елде вакцина жеткілікті екенін, вакцинаның 8 млн дозасын әкелу жөнінде келісім жасалғанын, алдағы уақытта елге жеткізілетінін айтты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар