03.08.2021, 14:40

«Түнде елорда тұрғындарын улайды». Әкімдік желіде тараған ВИДЕОға жауап берді

Тұрғындар арасында белгісіз сұйықтықпен толтырылған цистерналары бар жүк көлігі бар видео тарады.

Қазақстандықтар арасында «елорда тұрғындарын қасақа улап жатыр» деген қауіппен бейнеролик тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Масаны улауға келді дегендер не мақсатпен жүргендерін нақты дәлелдей алмағаны үшін халықтың күдігі күшейе түскен.

Stopfake.kz атап өткендей, тұрғындар арасында тараған видеода белгісіз сұйықтықпен толтырылған цистерналары бар жүк көлігі көрсетілген.

Роликтің авторы цистерналардағы сұйықтық улы деп болжайды. Ол түнде адамдарды өлтіру үшін пестицидтерді әдейі шашырату үшін қолданылып жатыр деп айтады. Елорда әкімдігі бұл видеоға қатысты жауап берді.

«Видеода маса мен шыбын-шіркейді улау сәті түсірілген. Дезинсекциялық жұмыстарды «Елордалық дезинфекция» ЖШС Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен бірлесіп жүргізуде. Зиянкестерді жою жұмыстарында дезинсекторлар адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін мүлдем қауіпсіз ерітіндіні қолданады. Жұмыстар түнгі және таңғы уақытта жүргізіліп жатыр», - деп нақтылады ведомстводан.

Сонымен қатар, әкімдікте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

ЕСКЕРТУ: ВИДЕОМАТЕРИАЛДА БАЛАҒАТ СӨЗДЕР БАР