Жаңалықтар 03.08.2021 сағат 15:00

Айнұр Тұрсынбаева марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлына су жаңа көлік сыйлады (ВИДЕО)

"Сені халқың сағынды Ораз! Барлық ат салысқан ағайынның садақасын Алла еселеп қайтарсын", - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Айнұр Тұрсынбаева марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлына су жаңа көлік сыйлады (ВИДЕО)
Фото: коллаж
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлы Нұрсұлтанға су жаңа BМW көлігін сыйлады.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Оразалы ақынмын, 30-дан жасым аспаған"-деп жырлаған Ораз досым 29 жасында кайтканда Нұрайша 6- да, Нұрсұлтан 4- те еді... Артынша Ажар марқұм кетті... Екеуі де авариядан...
Оразалымен ең көп айтысқан мен екенмін... Бірақ бір де бір рет ауыр сөз айтып көрмеген екен... Осыдан 2 күн бұрын түнгі сағат 2.00-де тікелей эфирде оқырмандарыммен сырласып отырғанмын... Телефон шыр етті.. "Айнұр тәте Оразалының баласы Нұрсұлтанмын ғой" дейді... Таксилетіп күн көруге 95 жылғы бір көлікті кредитке алып, оның тормозы істемей қалып, жолдын шетінде тұрған баска көлікті соғып алыпты... Анау 700 мын сұраған... Өз көлігінің төленбеген қарызы тағы бар.. Осының бәрін окырмандарым эфирде тындап отырды... Оразалының жанкүйерлері де табылды.. "Ойбай, Ораздың баласын жаутандатпай көмпктесейік" деп қайырымды қазағым 1 сагатта 3 миллиондай ақша жинап тастады... Соққан көліктің ақшасын да бердік, кредитті де жаптық... Қолында қалған 2 миллион акшаның үстіне өзіміз қосып осы көлікке бүгін апарып мінгіздік... Оразалы айтыстың алдаспаны еді... Айтыста талай рет әділетсіздіктің құрбаны болды.. Талай рет жеңіп тұрған жерінен құлатып жіберді... Оған халық куә! Бірақ еңбек еш кетпейді екен... Сенің жақсылығың өзіңе қайтпаса ұрпағыңа қайтатыны рас екен... Аллаға шүкір! Осындай оқырмандарым барына... Ендігі кезекте Нұрсұлтанды жұмысқа тұрғызу... Үйленіп, отау құрып кеткенше өз қамқорлығымызға алатын болдық... Сынық телефонмен дұрыс сөйлесе де алмай жүр екен... @aidyn_nury_qory ертен су жаңа телефонда алып беретін болды... Әкесі марқұм тірі болса өстіп жаутаңдап жүрмес еді-ау деп бір жылап алдық... Біз сені сағындық досым! Сенімен біз танысқанда 20-дағы қылшылдаған жігіт едің.. Міне жалындаған 20 жасында балаң келіп тұр алдымызға... Сені халқың сағынды Ораз! Барлық ат салысқан ағайынның садақасын Алла еселеп қайтарсын", - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар