4 тамызда қазақстандықтар Токио Олимпиадасында төрт спорт түрінен сынға түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ертең боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалдағы кездесуін өткізеді. Сонымен қатар, еркін күрес жарысы басталады. Қазақстан атынан бірінші болып Нұрислам Санаев шығады.
Байдарка мен каноэде есу. Әйелдер. Жекелей сын. 200 метр 07:12. Маргарита Торлопова
Байдарка мен каноэде есу. Әйелдер. Жекелей сын. 500 метр 07:47. Наталья Сергеева
Еркін күрес. Ерлер, 57 келі. 1/8 финал 08:30. Нұрислам Санаев - Диамантину Иуна Фафе (Гвинея-Бисау)
Бокс. Ерлер, 91 келіден жоғары. Жартылай финал 12:18. Қамшыбек Қоңқабаев - Ричард Торрес (АҚШ)
Велотрек. Ерлер. Спринт. Іріктеу 12:30. Сергей Пономарев.
Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.