04.08.2021, 14:20

Елордада қауіпті індет әлі өршіп тұр

Фото: ашық дереккөз
Биыл маусымның екінші онкүндігінен бастап «Дельта» штамының таралуынан елордада эпидемиологиялық жағдай нашарлады.

Инфекциялық ауруханаларға артылған міндеттеме 70 пайызға артты, деп хабарлайды ЭК. Биыл маусымның екінші онкүндігінен бастап "Дельта" штамының таралуынан елордада эпидемиологиялық жағдай нашарлады.

Жыл басынан бері аурушаңдық деңгейінің ең жоғары көрсеткіші маусым-шілде айларында тіркеліп, 55% ға жетті. Тек шілде айында науқастар саны 2,3 есеге өсті.

"Пандемия басталғаннан бері осы жылдың шілде айында 100 мың тұрғынға шаққанда ең жоғары апталық көрсеткіш тіркеліп, аптасына 1000-ға жуық науқас анықталып отыр"-деді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова ОКҚ брифингінде.

Күнделікті аурулар саны 388-ден 1200-ге дейін өскен. Ал соңғы 19 күнде тәулігіне 1500-ден астам науқас тіркеледі дейді мамандар.