$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан ғалымдары коронавирус вакцинасын капсула түрінде шығаруы мүмкін

Израиль, Аустралия және АҚШ-та осы бағыттағы жұмыстар қолға алынған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық ғалымдар капсула түрде вакцина жасап шығару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында Профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бүгінде әлемнің бірнеше мемлекетінің ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаны капсула түрінде шығару бойынша зерттеулер жүргізуде. Өз кезегінде қазақстандық мамандар да мұндай бастаманы қолға алғаны белгілі болды.

«Коронавирус көбіне мұрын қуысында жиналады. Вакцинаны мұрынға тамызу арқылы алу өте тиімді тәсіл. Қазір бұл бағытта қазақстандық ғалымдар да жұмыс істеп жатыр. Вакцинолог Қайсар Табынов Аграрлық университетте осы бастаманы қолға алды. Бұл тәсіл әлі іске асырылған жоқ, бірақ Израиль, Аустралия және АҚШ-тағы көптеген халықаралық топтар осы бағытта жұмыс істеуде. Барлығы ойдағыдай жүзеге асса, вакциналау процесі едәуір жеделдейді және вакцина қолжетімді болады», - деді Алмаз Шарман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары