$ 448.15  483.46  4.86

Олимпиада ойындарында 300-ден астам адам коронавирус жұқтырды

24 сағаттың ішінде жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге атсалысқан 29 адам вирус жұқтырды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Токиодағы Олимпиадада тәуліктік жұқтыру рекорды тіркелді. Жапония астанасында төтенше жағдай режимі ұзартылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Токиодағы Олимпиадада тәуліктік SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыру жағдайының максималды көрсеткіші тіркелді. 24 сағаттың ішінде жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге атсалысқан 29 адам вирус жұқтырды.

Бұл туралы «Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің сайтында сәрсенбі, 4 тамыз күні жарияланған есепте мәлім етілді. Жұқтырғандардың арасында төрт спортшы бар. Жарысты өткізуге атсалысқан адамдардың ішінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 322-ге жетті. Эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты Токиода төтенше жағдай режимі 31 тамызға дейін ұзартылды.

Ол, атап айтқанда, қоғамдық тамақтану орындарында алкоголь сатуға тыйым салуды және көрермендерді бұқаралық іс-шараларға жіберуді шектеуді көздейді. Олимпиада Жапония астанасында көрермендерсіз өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары