$ 494.87  520.65  4.91

Балуан Данияр Қайсанов Жапония чемпионын жеңіп, ширек финалға шықты

28 жастағы Данияр Қайсанов 2019 жылы Азия чемпионы атанып, сол жылы әлем чемпионатында қола медаль иеленген.
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында алғашқы қарсыласынан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

74 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Данияр Қайсанов 1/8 финалда Жапония чемпионы Кейсуке Отогуромен кездесіп, жеңіске жетті. 

28 жастағы Данияр Қайсанов 2019 жылы Азия чемпионы атанып, сол жылы әлем чемпионатында қола медаль иеленген. Былтыр да құрлықтық жарыста топ жарған. 

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Ал кеше боксшы Қамшыбек Қоңқабаев та жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде алған еді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары