Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 158 адам қайтыс болды. Осылайша елде антирекорд тіркеліп отыр. Мұның алдында 149 адам қайтыс болғаны хабарланған еді.
ДСМ-нің мәліметінше, 3 тамызда коронавирус расталған 125 адам және 33 адам КВИ пневмониясынан қайтыс болды.
5 тамыздағы мәлімет бойынша, 107 600 адам коронавирус инфекциясынан (104 377 КВИ+ және 3 223 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
29 623 пациент стационарда,
77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
1 832 адамның жағдайы ауыр,
417 пациенттің жағдайы өте ауыр,
202 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
2020 жылғы 13 наурыздан бергі статистика: ауырғандар - 62 151, 3814 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 55 114 жетті.