$ 442.05  474.14  4.74

Кем дегенде қола бар: Дархан Асәділов екінші жеңісіне қол жеткізді

Еншісінде Азия чемпионатынан бірнеше жүлде бар.
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық каратэші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

А тобында Асәділов төрт спортшымен күш сынасады. Топтағы екінші қарсыласы әзербайжандық Фирдоуси Фарзалиевті 6:2 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, қазақстандық каратэші алғашқы кездесуінде де 6:2 есебімен басым түскен еді. 

Дархан Асәділов - каратэден Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі спортшы, жасы 33-те. 2010 жылы АЗия чемпионы атанған. 2008 жылы әлем чемпионатында күміс, 2018 жылы қола медаль жеңіп алған. Еншісінде Азия чемпионатынан бірнеше жүлде бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары