Жаңалықтар 05.08.2021 сағат 12:20

Бокстан алтын жоқ: Сәкен Бибосынов жартылай финалда жеңіліп, қола медаль алды

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола медаль иеленген болатын.
Бокстан алтын жоқ: Сәкен Бибосынов жартылай финалда жеңіліп, қола медаль алды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

52 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Сәкен Бибосынов жартылай финалда ұлыбританиялық Джалал Яфаймен жұдырықтасты. Бірінші раундта Бибосынов нокдаун алып, қарсыласы басым болды. Дегенмен кейінгі раундтарда қазақстандық боксшы белсенді болды. Бірақ төрешілер 3:2 есебімен ұлыбританиялыққа жеңіс берді. 

Бұған дейін Бибосынов ширек финалда Испания боксшысы Габриэль Эскобарды жарыс жолынан шығарған. Ал 1/8 финалда француз Билал Беннамды сенімді жеңген. Алғашқы кезеңде Пуэрто-Рико өкілі Янкель Ривера Фигероамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түскен еді. 

24 жастағы Бибосынов - 2019 жылғы әлем чемпионаты мен 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола медаль иеленген болатын. 

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Ал кеше боксшы Қамшыбек Қоңқабаев та жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде алған еді.  

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар