Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының алғашқы айналымында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақта Ниязбеков ширек финал жолдамасын кубалық Энрике Вальдеспен сарапқа салды. Қазақстандық балуан жеңіліп жатып, қарсыласынан 21:11 есебімен басым түсті.
32 жастағы тәжірибелі Дәулет Ниязбеков - Қызылорда облысының тумасы. Үш дүркін Азия чемпионы. Ал 2011 және 2019 жылдары әлем чемпионатында қола медаль еншілеген.