Жаңалықтар 06.08.2021 сағат 10:20

«Нәтиже мәз емес»: Сәпиев Олимпиададағы боксшылардың өнеріне өз бағасын берді

Оның айтуынша, Токио Олимпиада ойындарында боксшылар жоғары өнер көрсете алмады.
«Нәтиже мәз емес»: Сәпиев Олимпиададағы боксшылардың өнеріне өз бағасын берді
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Токио Олимпиадасында ел намысын қорғаған боксшылардың өнеріне бағасын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бокс бойынша алтын медаль болмағандықтан жағдайды нашар дер едім. Бұған дейін Олимпиада ойындарында алтын жүлде болатын. Жалпы төрелік барынша объективті түрде болды деп айта аламын.

Дегенмен бүгінгі жартылай финалда мен Бибосынов жеңді деп білемін. Бірінші раундта соққыны жіберіп алғандықтан, төрешілердің бәрі бірдей ұпайды Сәкеннің қарсыласы болған ағылшын боксшысына берді. Ал екінші раундта 2:3 есебімен біздің спортшы басым түсті.

Үшінші раундта төреші 3:2 ұпаймен жеңісті Бибосыновқа берді. Төрешілер әділ баға берді ме, жауапты солардың ар-ұятына қалдырдық, жеке менің ойым – Сәкен жеңді. Оның «алтын» алу мүмкіндігі бар еді», - деді Серік Сәпиев Орталық коммуникалар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Токио Олимпиада ойындарында боксшылар жоғары өнер көрсете алмады.

«Басқа боксшылардың да нәтижесі мәз емес, кейбір спортшылар тиісті деңгейдегі дайындықпен келмеді. Жалпы боксшылар Олимпиадада «алтын» алмағандықтан көрсеткіш нашар деп есептеймін», - дейді ол.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар