Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақта Ниязбеков ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзербайжандық Хаджи Алиевпен кездесіп, 1:9 есебімен жеңіліп қалды.
Бұған дейін қазақстандық балуан 1/8 финалда кубалық Энрике Вальдесті сенімді жеңген болатын.
32 жастағы тәжірибелі Дәулет Ниязбеков - Қызылорда облысының тумасы. Үш дүркін Азия чемпионы. Ал 2011 және 2019 жылдары әлем чемпионатында қола медаль еншілеген.