$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде енді шай мен кофе қымбаттады

Еске салайық, Үндістандағы шай өндірушілер елде коронавирус таралуына байланысты бағаның өсетіні туралы ескертеді.
Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда шай мен кофе қымбаттады. Бір жыл ішінде шай бағасы 11,7 пайызға өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Шілдеде Қазақстанда қара шай бағасы келісіне 3,7 мың теңге болды. Шайдің ең қымбат бағасы Қарағандыда (келсіне төрт мың), Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шымкентте (әр келісіне 3,9 мың) тіркелген.

Бір жыл ішінде шай бағасы 11,7 пайызға өсті. Баға Батыс Қазақстанда (22,4 пайызға), Алматы облысында және Шымкент қалаларында едәуір өскен.

Кофе бағасы бір жыл ішінде 4,7 пайызға өсті. Баға Ақтөбе облысында (12,8 пайызға), Қызылорда облысында (11,6 пайыз) және Павлодарда 9,2 пайызға өскені байқалды. Сонымен қатар, әлемде кофе бағасы аукциондарда рекордты жаңартуда және соңғы жеті жылда ең жоғары бағаға жетті.

Маусымға дейін Қазақстанда 9,3 мың тонна өңделген шай мен кофе өндірілді. Қазақстандық компаниялар бұл өнімдерге сұранысты 30,1 пайызға тоқтатты.

 Шай мен кофенің импорты 69,9 пайыз болды. Елге бұл өнімнің 18,4 мың тоннасы импортталды. Жыл басынан бері елімізге 50,2 миллион АҚШ долларына 14 мың тонна шай импортталды. Шайдің көп бөлігі елге Кениядан - 6,2 мың тонна және Үндістаннан - 4,7 мың тонна импортталды. ТМД елдерінен 1,5 мың тонна шай әкелінді.

Еске салайық, Үндістандағы шай өндірушілер елде коронавирус таралуына байланысты бағаның өсетіні туралы ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары