$ 494.87  520.65  4.91

«Тамаққа вакцина қосып, адамдарды улайды»: Ақпарат желідегілерді шошытты

Мұндай «жеуге болатын» препараттар мукозальды деп аталады және құрамы, әсер ету принципі мен инъекциядан әсері бойынша ерекшеленеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Желіде ресейлік ғалымдар сағыз түріндегі КВИ-ге қарсы вакцина жасауға кірісті деген ақпарат таратылуда. Кейбір адамдардың пікірінше, болашақта вакциналарды тағамға қосып, адамдарды улауы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Біріншіден, КВИ-ге қарсы вакциналар улы емес. Олардың қауіпсіздігі Халықаралық ұйымдардың қатаң талаптарына сәйкес өтетін клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтармен расталады.

Екіншіден, вакцинаның сағыз түрінде жасалуы оны тағамға қосуды жоспарлап отырғандықтың белгісі емес.

Мұндай "жеуге болатын" препараттар мукозальды деп аталады және құрамы, әсер ету принципі мен инъекциядан әсері бойынша ерекшеленеді.

Ресейлік мамандар әзірлеген КВИ-ге қарсы вакцина әлі дайын емес. Оның үстіне, ғалымдар болашақ препараттың құрамын әлі толық анықтаған жоқ. Оның негізі ретінде вирус бөлшегі немесе жасанды антиген қолданылуы мүмкін. 

Сондай-ақ мамандар алдын алудың бұл түрі бұлшықетке енгілетін вакциналарға қарағанда вирусқа қарсы ұзақ мерзімді қорғаныс бермейді деген ортақ пікірге келді.

Сағыз түріндегі препарат, ең алдымен, ауыз қуысында жергілікті иммунитетті қамтамасыз етеді, бұл адам тыныс алғанда вирус бөлшектерін жоюға көмектеседі. 

Жалпы мукозальды вакциналар жаңа әзірлеме емес. Мұндай препараттарды жасау мүмкіндігі COVID-19 пандемиясының басталғанға дейін зерттелген. Оларды аллергиялық аурулар, вирустық және бактериялық инфекциялар өршігенде қолдануға болады.

Мұндай препараттар болашақта қаптамасында тұтынушыларға оның медициналық препарат екендігі туралы ескертетін қандай да бір нұсқауларсыз қарапайым сағыз түрінде сатылатыны туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Сонымен қатар мұндай вакцинаны тағамға жасырын түрде қосады деген теорияның да дәлелі жоқ.

Қорыта айтқанда, вакциналармен улау туралы теориялар ойдан шығарылған. Бұған дәлелдер жоқ. Сағыз түріндегі вакциналар қаптамада тиісті белгілерсіз сатылады деп айтылған жоқ. Бүгінгі таңда мұндай препараттар тек әзірлену үстінде және оларды сатылымға шығару туралы айту әлі ерте.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары