$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында екі бірдей сәбиін сатпақ болған әйел ұсталды

Әйелдің біраз жыл бұрын да перзентханадан шыққан соң өз баласын басқа адамдарға бергені кейінірек анықталды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Алматы облысында әйел жаңа туған сәбиін сатпақ болған. Полиция бұл жайлы оны ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық істі қарау барысында білді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғаушылар әйелдің баланы басқа адамдарға тапсырып, асырап алу құжатын рәсімдемек болғанын анықтаған.

"Тексеру барысында әйел перзентханадан шыққаннан кейін заң бойынша тыйым салынғанына қарамастан, баланы өз еркімен басқа адамдарға табыстағаны белгілі болды", - деді полициядағылар.

Әйелдің біраз жыл бұрын да перзентханадан шыққан соң өз баласын басқа адамдарға бергені кейінірек анықталды. Ол белгісіз әйелдің атына сенімхат рәсімдеп, баланы Қазақстаннан тыс алып шығуға рұқсат берген.

"Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы, яғни кәмелет жасына толмаған балалар саудасы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полициядағылар. 

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындап, әрекеті үшін өкінетінін жеткізді. Алматы облысындағы №2 кәмелет жасына толмағандар ісі бойынша мамандандырылыған ауданаралық сот әйелді кінәлі деп таныды. Оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алайда бұл жазаның өтеу мерзімі екі баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды. Қазақстанда білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, ата-ананың қарауынсыз қалған балалар бастапқы есепке тіркеледі. Олар туралы мәлімет бастапқы есеп журналына енгізіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары