$ 447.4  477.55  4.76

Балуан Данияр Қайсанов та Олимпиада жүлдесінен қағылды

Бұл кездесуде қазақстандық балуан қарсыласынан 2:12 есебімен жеңілді.
Фото: Reuters
Фото: Reuters

Қазақстандық балуан Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының қола медалі үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

74 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Қайсанов қола жүлдені өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновпен сарапқа салған. Бұл кездесуде қазақстандық балуан қарсыласынан 2:12 есебімен жеңілді. 

Данияр Қайсанов бұған дейін жартылай финалда ресейлік Заурбек Сидаковқа 0:11 есебімен жол берген еді. Ал ширек финалда мысырлық Амр Реда Хуссенмен белдесіп, 8:5 есебімен жеңіске жеткен. 1/8 финалда Жапония чемпионы Кейсуке Отогуроны жеңген болатын.

28 жастағы Данияр Қайсанов 2019 жылы Азия чемпионы атанып, сол жылы әлем чемпионатында қола медаль иеленген. Былтыр да құрлықтық жарыста топ жарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Данияр