$ 494.87  520.65  4.91

Ақтау тұрғындары вакцина пунктіндегі ұзын-сонар кезекке шағымданды

Неге вакцинация дұрыс ұйымдастырылмаған? Қой сияқты, айтарға сөз жоқ.

Ақтауда коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келгендердің ұзан-сонар кезегі видеоға түсірілді. Бұл жағдайға қатысты Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жағдай 8 тамызда таңертең 7 ықшамаудандағы №1 Ақтау қалалық емханасында болған.

"Неге вакцинация дұрыс ұйымдастырылмаған? Қой сияқты, айтарға сөз жоқ", – дейді коронавирусқа қарсы екпе алғысы келетін жергілікті тұрғындардың бірі.

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, демалыс күндері Ақтауда екпе алғысы келетін тұрғындар саны күрт артқан. Әсіресе бүгін №1 қалалық емханада кезекте тұрғандар қарасы көп болды.

“Қазіргі уақытта емханада үш егу кабинеті жұмыс істейді. Тағы бір кабинетті ашуға дайындап жатыр. Жағдай бақылауда”, – деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Кезекті болдырмау үшін дәрігерлер тұрғындарға кез келген басқа емханаға баруды ұсынады. Қызметкерлер мен медициналық мекемелер демалыссыз жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары