$ 494.87  520.65  4.91

Бүгіннен бастап ұшаққа мінер алдында жолаушылардың салмағы өлшенеді

Мұндай процедураны IATA мүшелігінде бар әуе компаниялары бес жылда бір рет ұйымдастырады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Елімізде 9-31 тамыз аралығында Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларында кәмелетке толған жолаушылардың салмағын ерікті түрде өлшеу қолға алынды, деп хабарлайды ЭК.

Air Astana әуе компаниясының хабарлауынша, ұшар алдында салмақ өлшеу Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Бұл әуе көлігі балансын анықтау үшін статистикалық деректерді жинау мақсатында өткізілмек.

Мұндай процедураны IATA мүшелігінде бар әуе компаниялары бес жылда бір рет ұйымдастырады.

"Салмақ өлшеу процедурасы билет құнына еш әсер етпейді. Тек ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында ғана өткізіліп жатыр. Салмақ өлшеу рейске тіркелгеннен кейін арнайы дайындалған орында жүргізіледі. Ерлер мен әйелдер бөлек өлшенеді. Процедура кезінде құпия ақпаратты жинау қарастырылмаған. Салмағын өлшеткен жолаушылар лотереяға қатысады", — делінген Air Astana компаниясының хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары