$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда үлкен зират өртенді (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде видео тарады.

Алматыда үлкен зират өртеніп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видео тарады. Онда зират аумағының ашық отпен қалай жанып жатқанын көруге болады.

Видео авторының айтуынша, өрт Батыс (Бурундайское) зиратында шыққан.

«Сағат 12:30-да Алатау ауданында, Индустриялық аймақта, зират маңында алдын ала болжам бойынша 1,5 га алаңда ашық жерде қураған ағаш өртенді. Қызыл жалынды сөндіру үшін "Ермак" аспалы өрт сөндіргіштер, шанцты құралдар қолданылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 14:28 – де оқшауланып, 15:11-де сөндірілді», - деп хабарлады Алматы ТЖД.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #зират