Плюс басу ештеңе әкелмейді, бірақ олимпиадада жүні жығылып қалған ұлт үшін бұл фейсбукта өзін алдай тұрудың жақсы психологиялық амалы болуы мүмкін.
Ірі жарнама агенттіктері таргетологтарының пікірінше, + қазіргі фейсбук алгоритміне ешқандай әсер етпейді. Ол ұшып бара жатқан самолетке рогаткамен тас атқанмен бірдей. Фейсбук алгоритмі бір-біріне үндері қосылатын, ойлары бір жерден шығатын адамдарды бір жерге топтастыруды көздейді. Демек, бір-біріне қызық емес (лайк баспайтын) адамдарды ажыратып тастауға тырысады. Ал посттың қоғамға қызық, көкейкесті екенін нейросеть оған тез арада лайк басылып, комментарий жазылғанына қарап анықтайды. Пост жазылған алғашқы 1 минутта кем дегенде 2 коммент жазылса, робот оның көрсету аясын 15-20 пайызға арттырады. Сіз пост авторы болсаңыз, сізге түскен комментке тез арада (1 минут өтпей) лайк басып, коммент жазып үлгеріп көріңізші. Охват бірден өсе бастайды.
Фейсбук нейросеті + емес, уақытты бақылайды.1 минутқа жетпей жауап берілген реакция қазір анағұрлым құнды болып есептеледі. Әр құбылыс салмаққа бөлініп тасталған. Лайктан көрі комментарийдің салмағы ауыр болып есептеледі. Комментарий және өз ішінде бөлінеді, жай смайликті нейросеть бәлендей есепке ала бермейді, ал символы 20 белгіден асатын комментарий жақсы бағаланады. Демек, сіздің постыңыздың астында "Супер" деген коммент тұрса, одан охват өсе қоймайды, ал "Мынау постыңыз нағыз керек дүние екен, рахмет" деп жазса, және сіз оған тез арада лайк басып, "Ой, сізге де рахмет, игілігіңізге жаратыңыз" деп жауап беріп жіберсеңіз, пост тез таралады.
Дәл осы алгоритмге сай, қысқа посттар тым ұзақ постқа қарағанда өтімді болады. Себебі, ұзақ пост жарияланып, ал енді оны толық оқып шығып, коммент жазғанша біраз уақыт кетіп қалады. Ал фейсбуктің алгоритмінде қазіргі ең басым фактор - уақыт, яғни кері реакция жылдамдығы.
Мен ұзақ посттар жазамын. Себебі мен үшін охваттан көрі, сараптап жазу бағалы. Бірақ сіздер маған қарамаңыздар. Қысқа жазып, өз танымалдылықтарыңызды арттыра аласыздар