$ 449.58  486.94  4.86

Алматы облысында хиджабтағы қызды зорлаған ҰҚК қызметкері сотталды

Бүгін, 8 тамызда Алматы облыстық Қарасай аудандық сотында хиджабтағы қызды зорламақ болған ҰҚК қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, бойжеткен кешкісін такси тоқтатып тұрған кезде ҰҚК қызметкері оны үйіне дейін апарып тастайтынын айтады. Қыз келісіп, көлекке отырады. Алайда ол арам ойын жүзеге асыру үшін бойжеткенді сырттағы егіс алаңына әкеледі. Бұдан соң ер адам қызды тепкінің астына алып, зорламақ болған. Алайда Айя оның қолынан сытылып шығып, қарсыласқан кезінде жердегі топырақты күдіктінің көзіне шашып, қашып кеткен. 

"Сот 1989 жылы туған Алматы облыстық ҰҚК департаментінің жедел бөлімшесінде жұмыс істейтін Сабыржан Нарынбаевты кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды", – дейді Қарасай аудандық сотының судьясы Амангелді Махамбетов.

Сондай-ақ сотталушы ҰҚК капитаны атағынан айырылып, бес жыл көлемінде жауапты қызметтерді атқара алмайды.

"Мен Жанна Уразбахова, Әлия Омарова мен Әлішер Назарбек бастаған ерікті адвокаттар тобына алғыс айтамын. Олардың кәсібилігіне сөз жоқ. Мен сияқты ауыр жағдайға тап болған әрбір қыз баланы соңына дейін күресуге шақырамын. Кей кездері бәрінен түңіліп кеткен кездер де болды. Бірақ күдіктінің жазасын аларына сендім", – дейді Айя.

"Бүгін тағы бір әділ үкім шығарылды. Қоғамның зорлық-зомбылыққа қарсылығы күн сайын артып келеді. Бұл жағдайға өте қуаныштымыз. Өйткені бірнеше жыл бұрын зорлау сияқты қылмыс орташа ауыр қылмыс болып саналды. Қазір президенттің қолдауымен ол ауыр санатқа өтті. Біз барлық қысымға қарамастан, соңына дейін күрескен қыз үшін өте қуаныштымыз", – дейді адвокаттар Жанна Оразбазова мен Әлия Омарова

Еске сала кетсек, 2020 жылдың қараша айында Алматы облысының тұрғыны Айя Өмірзақова әлеуметтік желілерде 11-12 қыркүйегіне қараған түні күштік құрылым қызметкері оны ұрып-соғып, зорлауға тырысқаны туралы ашық үндеу жазған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары