Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттау керек екенін айтты. Бұл туралы Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Бүгін – Абай күні. Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек", - деді Тоқаев.