$ 449.58  486.94  4.86

Маңғыстаудағы қуаңшылықты әлемдік басылымдар да жазып жатыр

Washington Post Маңғыстау туралы мақаланы Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамы Федерациясының мәліметтеріне сүйеніп жазған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Washington Post газеті Маңғыстаудағы жағдайды соңғы онжылдықтардағы ірі табиғи апат деп баға берді, - деп хабарлайды ЭК.

Washington Post Маңғыстау туралы мақаланы Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамы Федерациясының мәліметтеріне сүйеніп жазған.

Еліміздің батысында болған қуаңшылықтан мал қырылды. Кей өңірлерде табиғи апаттан даладағы шөп өртеніп, мал азықсыз қалды.

Осыған байланысты Маңғыстау өңіріне Республиканың әр аймағынан көмек жиналып, вагон-вагон шөп жөнелтіліп жатыр.

Маңғыстаудағы апатты жағдай ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың жұмыстан босатылуына себеп болғанын да айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары