11.08.2021, 09:20

«Коронавирусқа шалдыққан 1,8 мың науқас ауыр хәлде» – министрлік

Оның ішінде 215 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

11 тамыздағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 112 843 адам коронавирус инфекциясынан (108 824 КВИ+ және 4 019 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың ішінде 30 181 пациент стационарда, 82 662 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 1 808 адамның жағдайы ауыр, - 451 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 215 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

 

Тегтер: коронавирус