$ 494.87  520.65  4.91

«Өте қауіпті!»: Коронавирустың тағы бір жаңа штаммы табылды

Бұл нұсқа басқаларына қарағанда патогенді және өте жұқпалы.

Нью-Йоркте "йота" деп аталатын коронавирустың жаңа штаммы анықталды. Бұл туралы ресейлік БАҚ өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Life.ru-ға сілтеме жасап.

Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Орал федералды округінің медициналық алдын алу жөніндегі маманы, медицина ғылымдарының докторы Сергей Токарев басылымға MedRxiv препаратының баспа порталындағы мақаласына сілтеме жасай отырып, коронавирустық инфекцияның жаңа штаммы туралы айтты. 

Токаревтың айтуынша, "йота" штаммының өлім көрсеткіші - 82 пайызға жетеді, әсіресе бұл 45 жастан асқан адамдар арасында және бұл басқа мутацияға ұшыраған түрлеріне қарағанда 25 пайызға тез таралады.
Токарев "йота" штаммының адамның иммундық көрсеткішімен санаспайтынын атап өтті. Бұл нұсқа басқаларына қарағанда патогенді және өте жұқпалы.
Медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков, "йота" штаммы туралы мәлімет қазіргі таңда өте аз екенін қосты. Оның таралу қабілеті туралы айтуға әлі ерте дейді ол.

"Егер ол өссе, бұл басқа штамм түрлерімен сәтті бәсекелесуге мүмкіндік беретін эволюциялық артықшылықтардың бар екенін білдіреді" , - дейді Крючков.

Ол коронавирус "дельта", "лямбда" және "гамма" сызықтары бойында мутацияны жалғастырады және соның әсерінен олардан жаңа штамдар пайда болады деп бағамдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус