$ 444.22  476.38  4.82

«Қазпошта» қызметкері зейнеткерді иіссу сатып алуға мәжбүрлеген

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі өкілдері "Қазпошта" филиалы өкілдері зейнеткерге әтірсудың ақшасын қайтарғанын мәлімдеді.

Алматы облысында "Қазпошта" қызметкері зейнеткерді әтірсу сатып алуға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

TikTok-та Алматы облысы тұрғынының шағымы жарияланды. Ол Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйтерек ауылында зейнеткерді "Қазпошта" бөлімшесіндегілер 3 500 теңгеге әтірсу сатып алуға мәжбүрлегенін мәлімдеген.

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі өкілдері "Қазпошта" филиалы өкілдері зейнеткерге әтірсудың ақшасын қайтарғанын мәлімдеді. 

"Жұмысшылармен зейнеткерлерге олардың ниетінсіз мұндай тауарды сатуға қатысты әңгіме жүргізілді. Аудан басшылығы Бәйтерек ауылдық "Қазпошта" филиалының аға пошташысына сөгіс жариялады", - деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары