$ 444.22  476.38  4.82

Шығыс Қазақстанда қос азаматтықпен жүрген 50-ден аса адам анықталды

Ол 2002 жылдың маусым айында Алтай өлкесі Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған болып шықты.

Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтығы бар 50-ден астам адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды altaynews.kz.

ҚР Заңнамасына сәйкес басқа елдің азаматтығын алғаннан кейін 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының жеке куәлігі мен төлқұжатын міндетті түрде тапсырып ҚР азаматтығынан айырылғанын тіркеу қажет.

Ағымдағы жылдың маусым айының ортасында Көші-қон қызметі қызметкерлері Глубокое ауданының тұрғынын анықтаған. Ол 2002 жылдың маусым айында Алтай өлкесі Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған болып шықты.

Ол мемлекеттік қызметтерді алу кезінде көші-қон заңнамасын елемей, ҚР азаматының құжаттарын пайдаланған. Тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Шетелдіктен ҚР азаматының жеке куәлігі мен төлқұжаты алынды және азаматтығын жоғалтқандығы туралы өтініші тіркелді.

Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа тыйым салынатынын ескертеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ШҚО