$ 494.87  520.65  4.91

Елордада нәресте коронавирустан көз жұмды

Анасынан вирус жұқтырған сәбидің ағзасында асқынулар болған
Анасынан вирус жұқтырған сәбидің ағзасында асқынулар болған, деп хабарлайды ЭК.

"Біз 11 күндік нәрестеден айырылдық, Себебі анасы жүктіліктің 39-аптасында инфекция жұқтырған. Өмірге келгеннен кейін 5-ші күні баланың миы зақымданғанын, яғни балада инсульт болғанын анықтадық. Баланың өмірін құтқара алмадық", — деді Нұр-Сұлтан педиатрлар қауымдастығының төрағасы Сағира Әбдірахманова.

Оның айтуынша, жатырда жатқаннан-ақ вирусқа шалдыққан сәбидің жүрегінде, қолқасында қан ұйып, тамырлары кеңейген.

Осындай диагнозбен 20 күндік тағы бір сәби тіркелген. Нәресте инсультқа шалдығып, жағдайы ауыр күйде екен.

Сондай-ақ дәрігерлер қазір балалар арасында жоғарғы тыныс жолдары мен өкпе аурулары, тыныс жетіспеушілік белгілері жиі кездесіп отырғанын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары