$ 498.34  519.72  4.85

Әскердегі құқық бұзушылықтарды хабарлайтын арнайы сайт ашылды

askeri-senim.kz арнайы сайтының мобильді қосымшасын Android және IOS құрылғыларына жүктеп алуға болады.

Қорғаныс министрлігі армиядағы құқық бұзушылықтар туралы ақпарат қабылдауға арналған сайттың ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы азаматтардан армиядағы құқық бұзушылықтар туралы ақпарат қабылдау үшін мобильді қосымшасы бар askeri-senim.kz сайтын әзірледі", - делінген ресми хабарламада.

Сайттан мобильді қосымшаны Android және IOS құрылғыларына жүктеп алуға болады.

"Пайдаланушылар әскери полиция органдарына электрондық форматта орны мен уақытына, тергеу жүргізілуіне, сондай-ақ хабарланатын мәліметтердің толықтығына қарамастан, жасалған немесе жасауға әрекеттеніп жатқан кез келген құқық бұзушылық туралы тікелей хабарламаларды жолдай алады", - дейді мамандар.
Бұдан бөлек, пайдаланушы жеке кабинетте тағайындалған жауапты лауазымды адаммен жасырын хат алмасып, тәртіп бұзушылық бойынша атқарылған жұмысты қадағалай алады.

Өтінішті орындау барысы, оған жауапты лауазымды адамның тағайындалуы және жауаптары туралы өзекті деректер электрондық поштаға келіп түседі. Жеке кабинетте диалогтарды іздеуге және реттеуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары