Карантин талаптарына қарамастан той жасаған астаналықтар Instagram блогерлерінің жазбасынан кейін әшкере болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізген полиция қызметкерлері блогерлердің қатысуымен өткен үйлену тойында түсірілген бейнежазбаны тапқан.
«Бас санитар дәрігердің қаулысындағы тыйымға қарамастан, той кең ауқымда өткен. Үйлену тойы қаланың сол жағалауында, Қорғалжын тас жолының бойындағы мейрамханада өткені белгіл болды. Мейрамхана иесіне, блогерге және басқа да той қатысушыларына қатысты жиналған материалдар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды», - деп жазады полиция департаментінің бапасөз қызметі.
Елорда полциейлері карантин талаптарын бұзудың соңы әкімшілік жауапкершілікке соқтыратынын ескертіп отыр.