$ 448.89  477.93  4.76

Тоқтар Жақаш Балғынбек Имаш туралы: Құдайды да алдауға пейіл!

"Бұлар өлсе де вакцина салдырмайды. Оны төбеңдегі шашыңдай көре бер!", - деп жазды ол.
Фото: коллаж
Фото: коллаж

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев сұхбаттарының бірінде вакцина салдырмайтынын айтып, кейін вакцина салғанын айтқан болатын.

Айтыскер ақынның бұл ісін журналист Тоқтар Жақаш сынға алды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Осысы бар, Бекасы бар, Мухасы бар - бұл жамағат елді түгел ақымақ көреді! Бюджеттен ұрлап-жырлап алып жатқан миллиардтардан айырылып қалмау үшін бұлар Құдайды да алдауға пейіл! Бұлар өлсе де вакцина салдырмайды. Оны төбеңдегі шашыңдай көре бер!", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Ал Балғынбек Имаш белгілі сайтқа сұхбат беріп, вакцина алғанын хабарлады.

"Өзім вакцина салдырдым. Мен вакцинаға қарсы емеспін. Тек мәжбүрлеуге қарсымын. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары