Алматы қаласында жолаушылар автобусының антифриз құбыры жарылып, іштегі жолаушыларға шашыраған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы әлеуметтік желіде тараған видеоның шынымен де аталмыш қалада болғанын растады.
"Бір жолаушы №4 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Зардап шегушінің денесінің 3 пайызын күйік шалған. Оған дәрігерлер тарапынан алғашқы көмек көрсетіліп, ұсыныстар берілді. Әрі қарай оның жағдайын тұрғылықты жері бойынша тиісті емхана бақылайды. Екінші науқас ауруханаға жатудан бас тартты", – деп мәлім етті басқармадағылар.