$ 447.4  477.55  4.76

Өрт сөндіру саласында әйелдер де жұмыс істейді

Мысалы, бүгінде бір ғана Ақмола облысында осы салада елуден астам әйел жұмыс істейді екен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Өрт сөндіруші мамандығы әлемдегі ең қауіпті кәсіптердің бірі. Өрттің туындауынан ешкім сақтандырылмаған, оны өз бетімен сөндіру мүмкін емес. Сондықтан өз денсаулығына ғана емес, өміріне қауіп төнсе де қызыл жалынмен күресті күнделікті еңбегіне айналдыра білген жандар – өз ісінің нағыз мамандары. 

Өрт сөндіруші, психолог және диспетчер. Соңғы жылдары елімізде  әйелдер құтқарушы мамандығын көптеп игеруде. Мысалы, бүгінде бір ғана Ақмола облысында осы салада елуден астам әйел жұмыс істейді екен. Олардың алтауы - өрт сөндіру бригадасының құрамында түрлі құтқару операцияларына шығады. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін, оның ішінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметін ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру мақсатында Skifnews.kz өрт сөндіру саласында қызмет етіп жүрген әйел құтқарушылар қызметіне тоқталды.

Зеленый Бор, Бурабай ауданы. Бұл өрт сөндіру бөлімі туралы бүкіл аудан жақсы біледі. Жаны нәзік әйелдер жұмыс істейтін санаулы орындардың бірі. 21 жастағы Анар Есқанова өзінің өмірлік миссиясы - адамдарға көмек көрсету және олардың өмірін құтқару деп санайды. 

Өмірімдегі ең күрделі өрт өткен жылы болды. 42 гектар шөп өртенді. Қою қара түтіннен бағдар жасау қиын болды. Шынымды айтсам, оңай емес, бірақ біз тырысып келеміз. Біз бұл мамандықты өз еркімізбен, жан қалауымен таңдадық. Күресудеміз, барлық қиындықты жеңіп шығатынымыз анық. Біз адамдарға көмектесеміз. Бұл игі жұмыс, - дейді құтқарушы Анар Есқанова.

Азаматтарды құтқару кезінде өзінің қайсарлығымен ерекше көзге түскен арулардың бірі - Дана Майранбаева. Ол бала кезінен арнайы форма киюді армандаған көрінеді. 

Арнайы форма киген адамдарды көргенде кеудемді ерекше қуаныш кернейтін. Мен үшін олар батыр еді, оларға ұқсағым келетін. Менің арманым орындалды. Кәсібімді мақтан тұтамын және бұл мамандық адамзатқа керек мамандық екенін жақсы түсінемін, - дейді құтқарушы.

Бұл мамандықта әйелдер ерекше артықшылықтар мен стандарттар жоқ. Сондықтан қиындықтарды көппен бірге жеңу керек. Дәл осы қасиеттері үшін оларды ұжымдағы ер адамдар ерекше құрметтейді. Құрметтеп қана қоймай, таң қалады да. 

Менің қызмет жолымда қыз баланың өрт сөндіруші лауазымында жұмыс істегені алғаш рет болып отыр. Себебі мамандық негізінен ер адамдарға арналған, ауыр жұмыс, тәуекелі көп сала. Алайда, біздің қыздар жігіттерден кем түспеуге тырысады. Оқу-жаттығуларға да, сабақтарға да қатысады, дейді  өрт сөндіру бөлімінің бастығы Павел Пак. 

Жалпы, бұл бөлімде әйел дәрігерлер мен диспетчерлер де қызмет етеді. Өірдің төтенше жағдайлар саласында 80-нен астам әйел жұмыспен қамтылған. Олардың қатарын алдағы жылдары Көкшетау азаматтық қорғаныс колледжінің курсанттары толықтырады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары