Жаңалықтар 14.08.2021 сағат 00:06

Әйгілі National Geographic шымкенттік отбасының суретін әлем назарына ұсынды (фото)

Суретті көрген қазақстандықтар мен шымкенттік тұрғындар фото астына жарыса жағымды пікір қалдыруда.
Әйгілі National Geographic шымкенттік отбасының суретін әлем назарына ұсынды (фото)
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әйгілі National Geographic журналы ресми желі парақшасында шымкенттік отбасының суретін әлем назарына ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

National Geographic 177 миллионнан астам жазылушысы бар Instagram парақшасында Шымкентте тұратын әйел мен оның Баян есімді 12 жасар қызының суретін жария етті. Фото авторы - Герхард Людвиг.

Ол өз жазбасында сурет шымкенттік отбасының жиырмадан астам қонақты күтуге дайындалып жатқан сәтінде түсірілгенін жазған.

Сонымен қатар фотограф Шымкент туралы кішігірім ақпарат беріп, бүгінде шаһардың қарыштап дамып келе жатқанын әрі аймақтық сауда орталығы және миллионнан астам тұрғыны бар Қазақстанның үшінші ірі қаласы атанып отырғанын сөз еткен. Суретті көрген қазақстандықтар мен шымкенттік тұрғындар фото астына жарыса жағымды пікір қалдыруда.

Айта кетсек, америкалық-германиялық танымал фотожурналист саналатын Герхард өз желі парақшасында шымкенттің суреттерінен бөлек, елорданың көрікті суреттерін де жария еткен.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар